Айыртау тау сілемінің аймағына жорыққа шықты

Айыртау тау сілемінің аймағына жорыққа шықты

8 сәуір күні ШҚО ББ Өскемен қаласы бойынша ББ «Жас техниктер станциясы» КМҚК-ның жас туристері Айыртау тау сілемінің аймағына жорыққа шықты. Жорық қатысушылары Айыр көлінің жағаларын зерттеді, тұман кезіндегі табиғи бөгеттерді еңсерудің дағдыларын жақсартты, және де бойларына көптеген позитивті эмоциялар қабылдап, ойларында керемет естеліктер сақталып қалды.