«Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясындағы «Қазақстанның 100 жаңа есімі» жобасы білім-ғылымы толысқан, үздік маман, нағыз үлгі боларлық жастарды көпшілікке насихаттайтын айтулы жобалардың біріне айналды. «Жаңа Қазақстанның 100 жаңа есімі» республикалық байқауында “Ш.Уәлиханов атындағы #3 мектеп- лицейі”КММ 2017-2018 оқу жылының түлегі Зарқынбеков Шыңғысхан Бақытжанұлы марапатталды.
Сынып жетекшісі, Тарих пәнінің мұғалімі Мұхамадиянова Айнұр Мұхамадияқызы.
Сайысқа қатысуға елдің түкпір-түкпірінен 200-ден астам түрлі мамандық иесі өтініш білдірген. Байқау нәтижесінде үздіктерді анықтап, жүйрік шыққан 100 азамат «Жаңа есім» төсбелгісі және бірінші дәрежелі диплом иегері атанды.
___
Қазіргі уақытта Шыңғысхан Алматы қаласында кәсіби Сюцай шебері, цифрлы психология саласының маманы.
Осы жетістіктерге жеткені үшін түлегіміз Зарқынбеков Шыңғысхан өз отбасына, мектеп ұстаздарына алғысын білдіреді.