06.04.2023 күні “Шоқан Уәлиханов атындағы №3 мектеп-лицейі” КММ-де “Қоғамдық орындардағы балалар қауіпсіздігі” атты тақырыпта 4-5 сынып оқушыларымен Өскемен қ. ПБ ЕПБ Кəмелетке толмағандардың істері жөнінде учаскелік полиция инспекторы полиция майоры Курмышева Сауле Бірлікқызымен, психикалық денсаулық орталығының маманы Токтаудинова Зауре Сансызбаевна және Өскемен қ. ПБ Ертіс полиция бөлімі ЖПҚБ учаскелік полиция инспекторы полиция аға лейтенанты Турсынов Суният Серікжановичпен кездесу ұйымдастырылды.
Кездесу барысында балаларға сақ болуды үйрету үшін оған туыс емес бөтен адамдардан аулақ болуды және де қандай бір жағдайлар болған кезде жасырмай сынып жетекшіге, ата-аналарына айту керек екені айтылды.
Өз кезегінде оқушылар көкейлерінде жүрген сұрақтарды қойып, арнайы мамандардан жауап алды.