«Smart Еducation - Өскемен 2023» қалалық ІТ форумының жеңімпаздарын марапаттау рәсімі

«Smart Еducation - Өскемен 2023» қалалық ІТ форумының  жеңімпаздарын марапаттау рәсімі
«АМАНАТ» партиясының «Балаларға тегін ІТ-сыныптар» жобасын жүзеге асыру мақсатында Өскемен қаласы бойынша білім бөлімі «Smart Еducation-Өскемен 2023» ІТ-форумын өткізді. Форум аясында «ІТ жоба 2023» ІТ жобалар байқауы, 3D модельдеу, бағдарламалау, робототехника ІТ- құзыреттер бойынша "Skills for Geeks" чемпионаты іс-шаралары ұйымдастырылды.
2023 жылғы 5 сәуірде №19 мектеп-қосымша білім беру орталығының базасында «Smart Еducation-Өскемен 2023» ІТ – форумының жеңімпаздарын салтанатты марапаттау рәсімі өтті. Білім бөлімінің әдіскері Н. Капчикова алғы сөз сөйледі. ІТ-форум жүлдегерлері білім бөлімінің мадақтамаларымен марапатталды. ІТ-форум жеңімпаздарын құттықтаймыз және оларға табыс пен алдағы жеңістер тілейміз!