9-11 сынып оқушылары арасында жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың облыстық кезеңінің жеңімпаздарын марапаттау салтанаты

9-11 сынып оқушылары арасында жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың облыстық кезеңінің жеңімпаздарын марапаттау салтанаты

2023 жылдың 5 сәуірінде №19 мектеп- қосымша білім беру орталығының базасында 9-11 сынып оқушылары арасында жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың облыстық кезеңінің жеңімпаздарын салтанатты түрде марапаттау өтті. Облыстық кезеңде 1 орынды 5 оқушы иеленсе, 2 орын қала мектептерінің 6 оқушысы, 3 орын қала мектептерінің 16 оқушысы жеңіп алды. Республикалық олимпиаданың облыстық кезеңінің қорытындысы бойынша «Үздік олимпиадалық команда» номинациясы бойынша Өскемен қаласының командасы 1 орынды иеленді. Сондай-ақ, №11, 12, 16, 19 және 36 мектептерге Республикалық олимпиаданың қалалық кезеңін ұйымдастыру бойынша бірлескен іс-шараларға қатысқаны үшін білім бөлімінің алғыс хаттары табыс етілді. Жеңімпаздарды құттықтап, алдағы уақытта да жеңістер тілейміз!