Ғылыми-жаратылыстану цикл пәндері мұғалімдерінің секциялық отырысы

Ғылыми-жаратылыстану цикл  пәндері мұғалімдерінің секциялық отырысы

2023 жылдың 7 сәуірінде «Педагогикалық қызметтегі инновациялық тәжірибе: білім беру ұйымдарында енгізу тәжірибесі» қалалық ғылыми-тәжірибелік конференциясы аясында жаратылыстану циклі пәндері мұғалімдерінің секциясы өтті. Секцияға қала мектептерінің 51 мұғалімі қатысты. Секция модераторы білім бөлімінің әдіскері Капчикова Н.Т. секцияның бағдарламасымен таныстырды. No27 орта мектептің география және биология мұғалімдері Ушакова Е.Н., Мужебаева А.С., No48 мектеп – қосымша білім беру орталығының география пәнінің мұғалімі Нурбекова Н.С өз тәжірибелерімен бөлісті. Қала мектептерінің химия, биология және география пәндерінің мұғалімдері шеберлік сыныптарына құлшыныспен қатысты, әрі қарай жұмыс істеу үшін көптеген мәліметтер алды.