Секция жұмысына қала мектептерінің қоғамдық пәндерінің 48 педагогы қатысты. Озық педагогикалық тәжірибенің тұсаукесері аясында «№ 27 орта мектебі» КММ тарих пәнінің мұғалімі Жанат Ерғазынқызы Қамытпаева, «№ 9 орта мектебі» КММ мұғалімі Виктория Викторовна Андреева, Анна Васильевна Василенко, «М.Әуезов атындағы № 17 орта мектебі» КММ тарих пәнінің мұғалімі Гузель Аманизовна Дурдыева, «№ 30 орта мектебі» КММ тарих пәнінің мұғалімі Симбаева Бақыт Тілеуқанқызы сөз сөйледі.
Педагогтар жұмыстың инновациялық форматтарымен, оларды білім беру ортасында іске асыру тәсілдерімен таныстырып, осы аспектідегі өз әзірлемелерімен бөлісті.
Секция жұмысы аяқталғаннан кейін цифрлық форматта рефлексия жүргізілді. Секцияның барлық қатысушылары осы іс - шараны өткізудегі педагогикалық және ғылыми - практикалық құндылығын атап өтті.