7.04.23 жылы өткен «Педагогикалық қызметтегі инновациялық тәжірибелер: білім беру ұйымдарында іске асыру тәжірибесі» атты қалалық ғылыми - практикалық конференцияның секциялық жұмысына қазақ тілі және әдебиет пәні мұғалімдері қатысты.
Секция жұмысында қала мектептерінің мұғалімдері Б.Ш.Муканов (№ 27 ом), С.А.Мырзабекова (№ 48 ом), А.А.Беркутова (№ 10 мг), М.Е.Кунапьянова (№ 15 ом) өз іс - тәжірибелерін ортаға салу мақсатында шебер - сынып өткізді.
Мұғалімдердің шебер - сынып жүргізуде таңдап алған тақырыптары бүгінгі заманауи ақпараттарға негізделген. Мұғалімдер өзекті мәселелерді жан - жақты талдап берді. Таңдап алынған тақырыптың теориялық жағына ғана емес, практикалық маңызына да кеңінен тоқталды. Мұғалімдер оқушылардың өздерінің жасаған жұмыстары арқылы практикалық жұмыстарды нақты көрсетті.
Бүгінгі секция отырысына 50 - ге жуық мұғалім қатысты. Секция жұмысы жоғары дәрежеде өтті.