
Оқушылардың шығармашылық сарайында «Салауатты өмір салты» жобасы аясында 2023 жылдың 5 және 6 сәуірінде Халықаралық Аралды құтқару қорының 30 жылдығына арналған «Біз салауатты ұлт үшін» спорттық акциясы өтті. Акция барысында қатысушылар Арал теңізінің таяздану мәселелерін талқылады, сонымен қатар кедергілерден өтіп, плакаттарға тақырыптық суреттер салды. Қатысушылар іс-шараға разы болып, туған елінің табиғаты туралы тың деректермен танысты.