Шығыс Қазақстан облысы мәдениет басқармасының Шығыс Қазақстан лингвистикалық орталығы 2023 жылғы 7 сәуірде қазақ, ағылшын, орыс тілдерін жетік меңгерген 21-35 жас аралығындағы жастар арасында «Тіл шебері» облыстық байқауын өткізді.
Қазақстан Республикасындағы тіл саясатын іске асырудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру аясында өткізілген «Тіл шебері» байқауына облыстың қалалары мен аудандарынан үміткерлер қатысты.
Үш тілді жетік меңгерген 15 үміткер байқаудың «Елтаным», «Өнертаным» және «Сөзтаным» кезеңдерінде бақтарын сынады.
Байқаудың қорытындысы бойынша Бас жүлдені Шаяхметова Дина Бейбітқызы Өскемен қаласының №42 орта мектебінің тарих пәні мұғалімі, ІІІ орынды – Шәріпова Гүлжаз Бекболатқызы Өскемен қаласының №48 мектеп- қосымша білім беру орталығының ағылшын тілі пәні мұғалімі иеленді.
Шығыс Қазақстан облысының мәдениет басқармасы басшысының орынбасары Қасенов Самат Берікболұлы жеңімпаздарды, қатысушыларды құттықтап, арнайы дипломдармен, алғыс хаттармен және бағалы сыйлықтармен марапаттады. Құттықтаймыз!