2023 жылдың 07 сәуір айында Өскемен қаласы білім бөлімі «№ 48 мектеп-қосымша білім беру орталығы» базасында «Педагогикалық қызметтегі инновациялық тәжірибелер: білім беру ұйымдарында іске асыру тәжірибесі» қалалық ғылыми - практикалық конференцияны өткізді. Конференция мақсаты: педагогикалық қоғамдастықтың зерттеу мәдениетін дамыту үшін жағдай жасау.
Ғылыми - практикалық конференцияның әрекеті пленарлық, секциялық, стендық таныстырылым, көрме жұмысынан тұрды.
Пленарлық жұмысында білім бөлімінің басшысы, С.Б.Алагузова қала педагогтардың оңтайлы кәсіби әрекеттердің өсуі туралы айтса, педагогика ғылымдарының кандидаты, «Өрлеу» БАҰО АҚ филиалы ШҚО бойынша кәсіби даму институтының директоры Г.С.Жуманова педагогтердің үздіксіз кәсіби дамуын ұйымдастырудағы инновациялық тәсілдері бойынша мәселені ашты.
Секциялық жұмыс 11 бағыттан тұрды. Әр бағытта педагогтар шеберлік -сынып аясында оқытудағы заманауи әдіс-тәсілдерді қолдану бойынша өз педагогикалық іс - тәжірибелерімен бөлісті.
Конференция қорытындысында қатысушылар сертификат алды.