«Тіл пәндерінің үздік мұғалімі - 2023» облыстық байқауының қалалық кезеңі

«Тіл пәндерінің үздік мұғалімі - 2023» облыстық байқауының  қалалық кезеңі

Облыс әкімінің сыйлығына «Тіл пәндерінің үздік мұғалімі - 2023» облыстық байқауының  қалалық кезеңі өз мәресіне жетті.

Байқаудың мақсаты: шығармашыл педагогтерді қолдау және ынталандыру, тәжірибені жетілдіру мен өзінің қабілетін іске асыру арқылы кәсіби құзыреттілікті арттыруға мүмкіндік беру.

Байқау 4 кезеңнен тұрды: «Медиавизитка»,  «Сабақ», «Шеберлік сынып»,  оқушылардың білім сапасын бақылау.

Бұл байқауға барлығы қала мектептерінен қазақ, орыс, ағылшын тілі пәндерінен 31 педагог қатысып, оның 9-ы жеңіске жетті.

Сонымен облыс әкімінің сыйлығына «Тіл пәндерінің үздік мұғалімі - 2023» облыстық байқауының қалалық кезеңінің жеңімпаздары:

Қазақ тілі және әдебиет пәні бойынша:

І орын - Ж.К.Тойбулдинова, «№ 29 қосымша білім беретін мектеп -орталығы» КММ;

ІІ орын - Д.Д.Бокева, «№ 7 орта мектебі» КММ;

ІІІ орын - Н.З.Магзиева, «№ 10 мектеп - гимназиясы» КММ.

Орыс тілі және әдебиет пәні бойынша:

І орын - А.С.Тұрсынғалиева, «Шоқан Уәлиханов атындағы № 3 мектеп - лицейі» КММ;

ІІ орын - Р.К.Абышева, «№ 46 орта мектебі» КММ;

ІІІ орын - А.Ч.Сембинова, «№ 49 жалпы білім беретін мектебі» КММ.

Ағылшын пәні бойынша:

І орын - Р.Ж.Мухамедрахимова, «№ 46 орта мектебі» КММ;

ІІ орын - Ж.М.Манапова, «№ 48 мектеп - қосымша білім беру орталығыорта» КММ;

ІІІ орын - Т.Л.Нигай, «№ 8 орта мектебі» КММ.

Құттықтаймыз!!!

І орын алған педагогтар: Ж.К.Тойбулдинова, А.С.Тұрсынғалиева, Р.Ж.Мухамедрахимова  облыс әкімінің сыйлығына  «Тіл пәндерінің үздік мұғалімі - 2023» облыстық байқауының  облыстық кезеңіне қатысады.

Сәттілік!!!