Амангелді Имановтың 150 жылдығына интерактивті сабақ өткізу туралы

Амангелді Имановтың 150 жылдығына интерактивті сабақ өткізу туралы
2023 жылдың 4 сәуірінде Өскемен қаласының оқушылары Амангелді Имановтың туғанына 150 жыл толуына арналған облыстық интерактивті сабаққа қатысты.
Сабақты Өскемен қаласының тарихы пәнінің мұғалімдері «№ 36 орта мектебі» КММ-нен Кайкубаева Гүлжан Жолбарысбекқызы мен «№ 42 орта мектебі» КММ-нен Октябрь Биназар Бейбітұлы жүргізді.
Бұл шараның ерекшелігі оған Шығыс Қазақстан облысы мектептерінің оқушыларының онлайн форматында қатысуы болды. Сабақта Амангелді Иманов бастаған көтеріліс тарихына қатысты сирек мұрағат құжаттары таныстырылды.
Шараға қала мен облыс мектептерінің 3000-нан астам оқушылары қатысты.