31 наурызда «№15 орта мектебі» КММ - нде облыс әкімінің сыйлығына «Тіл пәндерінің үздік мұғалімі - 2023» облыстық байқауының қалалық кезеңінің үшінші күні өтіп жатыр.
Бұл кезең «Шебер - сынып» деп аталады. Бұл кезеңге қала мектептерінен қазақ, орыс, ағылшын тілі пәндерінен 16 педагог қатыспақ.
Қала педагогтары бүгінгі «Шебер - сынып» кезеңі бойынша ұсынылған тәжірибенің өзектілігі мен әдістемелік негізділігіне, ұсынылған тәжірибенің практикалық маңыздылығы мен қолданылуына, шебер - сыныптың өнімділігі мен тиімділігіне, ақпараттық сөйлеу мәдениетіне, шығармашылық көзқарас және кері байланысты ұйымдастыруға басты назар аударады.
Қатысушыларға сәттілік тілейміз!