«Тіл пәндерінің үздік мұғалімі - 2023» облыстық байқауының қалалық кезеңі

«Тіл пәндерінің үздік мұғалімі - 2023» облыстық байқауының қалалық кезеңі
2023 жылғы 30 наурызда «№15 орта мектебі» КММ - нде облыс әкімінің сыйлығына «Тіл пәндерінің үздік мұғалімі - 2023» облыстық байқауының қалалық кезеңінің екінші күні өтіп жатыр.
Бұл кезең «Сабақ» деп аталады. Бұл кезеңге қала мектептерінен қазақ, орыс, ағылшын тілі пәндерінен 21 педагог қатысып жатыр.
Қала педагогтары бүгінгі «Сабақ» кезеңі бойынша сабақ өткізу кезіндегі әдістемелік және психологиялық сауаттылыққа, тілдік дағдыларды қалыптастыру жолдарына, тілді оқытудағы құндылық бағдарларға, коммуникативтік және сөйлеу мәдениетіне көңіл аудара отырып, оқушылардың сөйлету мақсатында қарым – қатынасқа түсулеріне басты назар аударады.
Қатысушыларға сәттілік тілейміз!