№1 Балалар музыка мектебінің меретойлық концерті

№1 Балалар музыка мектебінің меретойлық концерті

2023 жылдың 29 наурызында №1 балалар музыка мектебі 80 жылдық мерейтойын атап өтті. Мектептің мерейтойы баршаның: ұстаздар, оқушылар, ата-аналар, түлектер үшін мереке. «Ертіс концерт» залы толықтай жиналды. Мерейтойлық концерт таңғажайып ауқымдағы жарқын мәдени оқиғаға айналды. Сахна төріне №1 Балалар музыка мектебінің үздік аспаптық-вокалдық ұжымдары шықты. Мерекенің ресми қонақтары: ШҚО білім басқармасының «Өскемен қаласының білім бөлімі» ММ басшысы Сәуле Бауыржанқызы Алагузова және оның өкілдері, Қазақстан Республикасы, Шығыс Қазақстан облысы және Өскемен қаласының қосымша білім беру мекемелерінің басшылары, білім қызметкерлері кәсіподағының Өскемен қалалық ұйымының төрағасы Александр Александрович Кузнецов. №1 Балалар музыка мектебін құттықтауға «Мархабат» әлеуметтік бейімдеу орталығы келді. №1 Балалар музыка мектебіне гүлдену, педагогикалық ұжымға шығармашылық табыс, оқушыларға жарқын болашақ тілейміз!