"TopIQ.kz" платформасы бойынша оқыту семинары

"TopIQ.kz" платформасы бойынша оқыту семинары
30 наурыз 2023жылы ШҚО білім басқармасы Өскемен қаласы білім бөлімінің "36 орта мектебі" КММ ғимаратында "TopIQ.kz" платформасының сандық оқулықтармен таныстыру мақсатында" Алматыкітап баспасының вице-президенті Кудайберген Гульнур Сериковна қала мектептерінің директорлары мен орынбасарларына арналған оқыту семинарын өткізді.
Семинар барысында Гульнур Сериковна "TopIQ.kz" платформасын қолдануда оқушыларға түрлі интерактивті тапсырмаларды орындауға, аудио, видео материалдар базасын қолдануға мүмкіндік басым болатынын, білім алуда қызығушылықтарын арттыратынын атап өтті.
Бұл білім платформасында мұғалім үшін өзіндік оқыту траекториясын құру мүмкіндіктері қарастырылған.
Семинарға қатысушылар "TopIQ.kz" платформасының мазмұнын талдап, жоғары бағалады.