2023 жылғы 28-29 наурызда Ақтөбе қаласында математика мұғалімдерінің кәсіби қызметте жоғары нәтижелерге қол жеткізуге деген ұмтылысын арттыру мақсатында «Математикалық регата» республикалық олимпиадасы өтті.
Олимпиадаға қатысқан республика бойынша 23 команданың ішінде Шығыс Қазақстан облысының құрама командасы:
Cтепаненко Илья Вадимович, ШҚО ББ Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің «М.Әуезов атындағы № 17 орта мектебі» КММ;
Берікұлы Аралбек, ШҚО ББ Самар ауданы бойынша білім бөлімінің «Мектеп-балабақша кешені» КММ;
Байгелов Аслан Жақсылықұлы, ШҚО ББ «Өскемен қаласының дарынды балаларға арналған «БІЛІМ ИННОВАЦИЯ» Шығыс Қазақстан облыстық мамандандырылған лицейі» КММ;
Берлинова Галина Сенгалиевна, ШҚО ББ Глубокое ауданы бойынша білім бөлімінің «Ы.Алтынсарин атындағы Глубокое орта мектебі» КММ
ЕКІНШІ ЖҮЛДЕЛІ ОРЫНҒА ИЕ БОЛДЫ.
Педагогтар дипломдармен және ақшалай сыйақылармен марапатталды.
Жеңімпаздарды құттықтаймыз және шығармашылық табыс тілейміз!