«Жаңа мектепке - жаңашыл ұстаз» атты жас педагогтердің VI Республикалық байқауының облыстық кезеңі

«Жаңа мектепке - жаңашыл ұстаз» атты жас педагогтердің VI Республикалық байқауының облыстық кезеңі
Жас педагогтердің шығармашылық әлеуетін арттыру және инновациялық белсенділіктерін дамыту мақсатында 2023 жылғы 27-28 наурыз күндері «Жаңа мектепке - жаңашыл ұстаз» атты жас педагогтердің VI Республикалық байқауының облыстық кезеңі өткізілді.
Байқауға аудандық, қалалық кезеңнен іріктелген және облыстық білім беру ұйымдарынан еңбек өтілі 0-3 жыл аралығындағы жас ұстаздар қатысты.
Байқау ережесі бойынша қатысушылар эссе жазу, өзін-өзі таныстыру және бейтаныс сыныпта сабақ беру тапсырмаларын орындау арқылы сайысқа түсті.
Байқау комиссиясы екі күндік сайыс қорытындысы нәтижесінде жеңімпаздар мен жүлдегерлерді анықтады.
І орын Толықбаева Аяужан Бағланқызы, ШҚО ББ Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің «№48 мектеп-қосымша білім беру орталығы» КММ ағылшын тілі мұғалімі жеңіп алды.
Ағымдағы жылдың 17-21 сәуір аралығында облыстық кезең жеңімпаздары республикалық байқауда Шығыс Қазақстан облысының намысын қорғайды.
Жас мұғалімге сәттілік тілейміз!