Шығыс Қазақстан облысының білім басқармасы, ШҚО білім басқармасының Өскемен қаласы бойынша білім бөлімі, «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ филиалы Шығыс Қазақстан облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты, ШҚО ББ Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің «Оқу-зерттеу экобиоорталығы» 2023 жылғы 24 наурызда Шығыс Қазақстан облысы бойынша Экология департаментінің, Шығыс Қазақстан облысының табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасының, С.Аманжолов ат. ШҚУ қолдауымен «Экологиялық білім беру және ағарту жүйесіндегі аймақтық компонент – 2023» атты ХХІІ облыстық педагогикалық жаратылыстану-ғылыми конференциясын облыстың қалалық және аудандық білім беру мекемелерінен қатысушыларды тарта отырып өткізді.
Конференция мақсаты – экологиялық білім беру және ағарту жүйесіне аймақтық компонентті енгізу негізінде педагогтардың кәсіби құзыреттілігін дамыту.
Конференцияда жаратылыстану және аймақтық экология саласындағы ғылыми және ғылыми-педагогикалық зерттеулердің нәтижелері ұсынылды.
Секциялық отырыстарда педагогикалық қызмет тәжірибесін жалпылау, оқу үдерісіне аймақтық компонентті енгізу және аймақтық баламалы білім берудің заманауи мәселелері бойынша жұмыстар жүргізілді.
Конференцияға 95 адам қатысты. Пленарлық отырыста келесі баяндамалар тыңдалды:
- Жұманова Гаухар Сайлаубекқызы – «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ филиалы Шығыс Қазақстан облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтының директоры.
- Айтқазина Зура Нұрмұқанқызы - Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының «Дарындылық пен қосымша білім беруді дамытудың Шығыс Қазақстан ғылыми-әдістемелік Дарынорталығы КМҚК директорының орынбасары;
- Цыганов Анатолий Павлович - ШҚО ББ Өскемен қаласы бойынша білім бөлімі «Оқу-зерттеу экобиоорталығы» КМҚК директоры, б.ғ.к., РЖА профессоры;
- Есентаев Арман Нағашыбайұлы - «ШҚО Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы» ММ басшысының орынбасары;
- Егорина Анна Васильевна – ҚР ЖҒ академигі, г.ғ.д., «С. Аманжолов ат. ШҚУ» ҰАҚ «Экология және география» кафедрасының профессоры.
- Линева Людмила Александровна - геология ғылымдарының кандидаты;
- Нұркенова Сайран Ескендірқызы – Өрлеу» БАҰО АҚ филиалы Шығыс Қазақстан облысы бойынша педагогикалық қызметкерлерінің біліктілігін арттыру институтының әдіскері;
Стариков Сергей Васильевич - облыстық тарихи-өлкетану музейінің ғылыми-әдістемелік қамтамасыз ету бөлімінің меңгерушісі, ШҚО ББ Өскемен қаласы білім бөлімінің «ОЗ экобиоорталығы» ғылыми-зерттеу бөлімінің меңгерушісі.
Жұмыс төрт секция бойынша жүргізілді:
№ 1секция «Мұғалім жұмысының тәжірибесіндегі аймақтық экологиялық проблемалар»;
№ 2 секция «Білім беру мен ағартудағы аймақтық компонент»;
№ 3 секция «Педагогтың оқу-тәрбие іс-әрекетіндегі аймақтық компонент»;
№ 4 секция «Биоәртүрлілік және экология саласындағы аймақтық зерттеулер».
Конференцияда барлығы 50 баяндама тыңдалды: секциялар бойынша 42 баяндама, пленарлық отырыста 6 баяндама.
Барлық қатысушыларға сертификаттар, үздік баяндамалардың авторларына алғыс хаттар табыс етілді.
Педагогикалық жаратылыстану-ғылыми конференциясының қорытындысы бойынша «Экологиялық білім беру және ағарту жүйесіндегі аймақтық компонент -2023» жинағын шығару жоспарлануда.