Оқушылардың дәстүрлі аймақтық экологиялық-биологиялық конференциясы

Оқушылардың дәстүрлі аймақтық экологиялық-биологиялық конференциясы

2023 жылғы 20 наурызда ШҚО білім басқармасының Өскемен қаласы бойынша білім бөлімі, ШҚО ББ Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің «Оқу-зерттеу экобиоорталығы» мектеп оқушыларының дәстүрлі аймақтық экологиялық-биологиялық конференциясын Шығыс Қазақстанның қалалық және аудандық білім беру мекемелері балаларының қатысуымен ұйымдастырып өткізді.

Конференция мақсаты – оқушылардың туған өлке табиғатын зерделеудегі зерттеу дағдыларын қалыптастыру, экологиялық-биологиялық білімді меңгерту,   шығармашылық қабілеттерін дамыту.

Конференция аясында жас зерттеушілер аймақтық экология, ботаника, зоология, химия, өлкетану, валеология салаларындағы өздерінің ғылыми жұмыстарының нәтижелерімен таныстырды.

Секциялардың қазылар алқасының құрамында Шығыс Қазақстан облысы бойынша экология департаменті, Шығыс Қазақстан облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы, Шығыс Қазақстан облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясы, облыстық тарихи-өлкетану мұражайының қызметкерлері қатарынан мамандар, С.Аманжолов ат. ШҚУ профессор-оқытушылар құрамының оқытушылары мен ғалымдары болды.  Конференция басталғанда алғы сөз Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің әдіскері Н.Т. Капчикова және Экобиоорталықтың директоры А.П. Цыганов айтты.

Конференцияға 50 адам қатысты; оның ішінде Өскемен қаласының мектептерінен – 37 оқушы (№ 3, 8, 9, 16, 17, 20, 30, 37, 38, 39, 47, 48, 49).

Жұмыс 8 секция бойынша жүргізілді.

Барлық қатысушыларға сертификаттар берілді.