«Тіл пәндерінің үздік мұғалімі - 2023» облыстық байқауының қалалық кезеңі

«Тіл пәндерінің үздік мұғалімі - 2023» облыстық байқауының қалалық кезеңі

Бүгін, яғни 29 наурызда «№15 орта мектебі» КММ  базасында ерекше, өзгеше байқау басталды. Бұл облыс әкімінің сыйлығына «Тіл пәндерінің үздік мұғалімі - 2023» облыстық байқауының қалалық кезеңі.

Бұл байқауға барлығы қала мектептерінен қазақ, орыс, ағылшын тілі пәндерінен 31 педагог қатысты.

Қала педагогтары бүгінгі «Медиавизитка» кезеңі бойынша өздерінің кәсіби шеберліктері мен құзіреттіліктерін ортаға салып, әдістемелік іс - тәжірибелерімен, шығармашыл тұлғаны қалыптастырудағы жетістіктерімен, жылдар бойы жинаған еңбектерінің нәтижелерімен бөлісіп жатыр.

Қатысушыларға сәттілік тілейміз!