Отбасы – қоғамның маңызды институттарының бірі және тұлғаны әлеуметтендірудің алғашқы баспалдағы болып табылады

Отбасы – қоғамның маңызды институттарының бірі және тұлғаны әлеуметтендірудің алғашқы баспалдағы болып табылады

Сондықтан ерте жастан бастап балаларды жақын адамдарға қамқорлық, сүйіспеншілік, өзара көмек пен қолдау сезімдеріне тірбиелеу керек. №3 «Балбөбек» балабақшасында отбасы күніне арналған шаралар балалар мен ата-аналарға арналған қызықты ойын-саяхат түрінде өтті. Кіші топтар сиқырлы ертегі әлеміне еніп, орман тұрғындарымен бірге көжектің анасын іздеді. Балалар көжекке анасын тыңдауға кеңес берді, анасы табылған кезде көжекпен бірге қуанды. Ересек топ балалары ата-аналарымен бірге ғажайып спорттық саяхатқа аттанды. Балалар мен ата-аналар күштерін, ептіліктері мен шапшаңдықтарын сынады. Достық жеңіп, барлық қатысушыларға тәтті сыйлықтар таратылды.