«Возвращение к истокам» сайыс бағдарламасы

«Возвращение к истокам» сайыс бағдарламасы

2022 жылдың 09 қыркүйекте Оқушылар шығармашылық сарайында Қазақстандағы отбасы күніне арналған «Возвращение к истокам» атты сайыс бағдарламасы өтті. Іс-шара «Этнопедагогика» тәрбиелік жобасы аясында өткізілді. Сайыс бағдарламасында қала мектептерінің оқушылары ата-бабадан қалған салт-дәстүрлермен танысты. Шара соңында балалар ұлттық тағамдар бойынша көңілді сайысқа түсті.