Ахмет Байтұрсыновтың туған күніне орай іс - шаралар өткізілді.

Ахмет Байтұрсыновтың туған күніне орай  іс - шаралар өткізілді.

Қазақтың ақыны, әдебиет зерттеуші ғалым, түркітанушы, публицист, педагог, аудармашы және қоғам қайраткері, Қазақ халқының 20 ғасырдың басындағы ұлт - азаттық қозғалысы жетекшілерінің бірі, мемлекет қайраткері, қазақ тіл білімі мен әдебиеттану ғылымдарының негізін салушы ғалым, ұлттық жазудың реформаторы, ағартушы және Алаш - Орда өкіметінің мүшесі Ахмет Байтұрсыновтың 5 - қыркүйек туған күніне орай қаланың барлық білім беру ұйымдарында көптеген іс - шаралар өткізілді.

Мақсаты:

- ұлттық жазудың реформаторы Ахмет Байтұрсыновтың өмірі мен   шығармашылығын таныту;

-  оқушыларды  адамгершілікке,  білімге,  өнерге,  шыншылдыққа,  достыққа   баулу;

-  оқушылардың тілге деген өзіндік көзқарастарын қалыптастыру.

Білім беру ұйымдарында пікір талас, әңгіме, дөңгелек үстел, конференция, диалогтік алаң, дебет, семинарлар, ашық сабақтар, мұражайға саяхат ұйымдыстырылды.

Мектеп дәлізінде, кітапханада, тілдік пәндер, тарих кабинеттерінде бұрыштар ұйымдастырылды, мұнда Ұлы ұстаздың тарихи өмірі мен шығармашылығы жайлы ақпараттар беріліп, кітаптары қойылды.

Ақынның мысал өлеңдерінен қойылымдар қойылып, өлеңдері жатқа оқылынып, өмірбаяны мен шығармашылығынан дәріс берілді.

Кез - келген іс - шара өте жоғары дәрежеде өтіліп, оқушылар мен мұғалімдердің көңілдерінен шықты.