«Ахметтану білгірлері» атты қалалық брейн-ринг

«Ахметтану білгірлері» атты қалалық брейн-ринг

А.Байтұрсынов атындағы  № 20 орта мектебінде 5-қыркүйек - Қазақстан халқы тілдері күні мен Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдығына орай  «Ахметтану білгірлері» атты қалалық брейн-ринг зияткерлік сайысы  өтті.

Сайыстың мақсаты - халқымыздың көрнекті қоғам қайраткері, ірі ғалым, көсемсөз шебері, әдебиет зерттеушісі, түркітанушы, ақын - аудармашы А.Байтұрсынұлының өмірі мен шығармашылығын насихаттау. Оқушылардың танымын арттыра отырып, ізденімпаздыққа, белсенділікке, қырағылыққа, шапшаңдыққа баулу.

Сайыс қорытындысы: ойынның шарты бойынша «Ахметтану білгірлері» брейн - ринг зияткерлік сайысының жеңімпазы - № 46 орта мектебінің - «Болашақ»тобы.

Ойын барысында жақсы дайындықпен келген топтарға әділқазылар алқасының шешімімен жүлделі 1, 2, 3 - орындар берілді.

1- орынды № 45 орта бейіндік мектебінің - «Алашұлы» тобы жеңіп алса, 2 - орынды Абай атындағы № 33 орта мектебінің - «Ахметтанушы ұландар» тобы қанжығаларына байлады. Ал 3 - орынды Қ.Нұрғалиев атындағы № 43 мектеп - лицейінің - «Даналық диқаншылары» тобы иеленді.

Брейн - ринг зияткерлік сайысы өте жоғары деңгейде өтті.

Көзі тірісінде алты Алаштың көсемі атанған  Ахаңның телегей  бай мұрасын    бүгінгі  сайыста  жас ұрпақ тағы бір сараптап,дәлелдеп  берді. Ұлт маңдайына біткен  рухани көсемнің мол мұрасы мәңгілік! Ұлылық деген осы болар!