«Дүниежүзілік суицидтің алдын алу күні» акциясы

«Дүниежүзілік суицидтің алдын алу күні» акциясы

ШҚО білім басқармасының Өскемен қаласы бойынша білім беру бөлімінің іс - шаралар жоспарына сәйкес «Дүниежүзілік суицидтің алдын алу күні» акциясы аясында барлық білім беру ұйымдарында өмірді растайтын позицияны және денсаулыққа құндылық қатынасын дамыту бойынша іс - шаралар кешені өткізілді.

- Акцияны жүзеге асыруда қала мектептері білім бөлімі ұсынған түрлі нысандар мен өткізу тәсілдерін қолданды. Оқушылармен «Өмір мен үшін...» сынып сағаттары, «Сіздерге құпияны айтайын ...» сұхбаты, медицина қызметкерімен «Өзің үшін өмір мен денсаулықты сақта» сөйлесу сағаты, «Өмірге саяхат» тренингтері, «Бұл әлем қандай керемет, қарашы!», «Өмір ырғағында»  музыкалық үзілістер  және т. б.

Қала мектептері оқушыларының ата - аналары үшін балалар мен ата -аналар қарым - қатынастарын үйлестіру, сенім мен өзара түсіністікті дамыту тәсілдері туралы буклеттер мен жадынамалар әзірленді.

Акция аясында барлық жоспарланған іс - шаралар өте мағыналы өтті, жағымды эмоцияларға толы болды, бұл өмірді растайтын позицияны және өз денсаулығына құндылық қатынасын қалыптастыруға оң әсер етті.