
Қазіргі таңда әлем экологиялық апаттың аз- ақалдында тұрғанда, экологиялық білім беру бұрынғыдан да өзекті мәселенің бірі болып табылады. Табиғат – эмоциялық күйлердің шексіз қайнар көзі, білуге деген өшпес құштарлық.
14 қыркүйекте мектепте «Менің таңдауым – TAZA KALA!» Бірыңғай экосағаты болып өтті, онда танымдық ойындар, анимациялық бейнероликті көру және талқылау арқылы практикалық дағдылар мен табиғи ресурстарды сақтауға саналык көзқарас қалыптасады.
Экология – бұл қоршаған әлемге қамқорлық жасауға үйрететін ғылым екенін балалар білді. Олар табиғатта болып жатқан оқиғаларға әркімнің жауапкершілігін қалыптастырды.