
Биылғы оқу жылында Оқушылар шығармашылық сарайы «ЗОЖ» білім беру жобасы аясындағы іс-шаралар легін жалғастыруда. 13 қыркүйекте «21 ғасырда темекі шегу тамаша емес!» атты интерактивті викторина өткізілді. Шараға қаланың мектеп оқушылары қатысты. Викторина барысында темекі шегудің адам ағзасына тигізетін зияны туралы тақырып талқыланды. Қатысушылар іс-шарға белсене қатысып, дұрыс қорытынды жасады.