
Балаларды қауіпсіздік негіздеріне оқыту қазіргі заманғы мектептің маңызды міндеттерінің бірі болып табылады. Осыған байланысты 15 қыркүйекте «№29 ҚББМО» КММ-де ең кішкентай оқушылары арасында ТЖ кезінде қауіпсіздік негіздері және мінез-құлық қағидалары бойынша сабақтар өткізілді.
Балаларға өрт қауіпсіздігі ережелері мен төтенше жағдайлар кезіндегі іс-қимылдар бойынша мультфильмдер көрсетілді. Мультфильмдерді көргеннен кейін оқушылармен шағын ойын өткізілді, себебі осындай ойын арқылы ережелер есте қалады. Сабақ соңында балаларды сыныптан эвакуациялау ұйымдастырылды.
Осы іс шараны, 10 А сынып оқушылары өткізді. Балалар сабақтың сценарийін өздері дайындап, өткізді. Бұл тәрбие жұмысының маңызды аспектісі. Жоғары сыныптар өз тәжірибелерін кішкентайларға үйрете отырып, өздері де білім мен қарым-қатынас тәжірибесін алады.