
Білім сапасын арттыру мәселесі біздің өмірімізде әрдайым өзекті. 2022 жылдың 14 қыркүйегінде Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің "№24 орта мектебі" КММ базасында білім бөлімінің әдіскері Н.Т. Капчикованың басшылығымен "Қала мектептерінде жаратылыстану-ғылыми цикл пәндерін оқытудың ерекшеліктері" тақырыбында мектеп педагогтері қауымдастығының қалалық отырысы өтті".
Семинардың негізгі мақсаты қала мектептері педагогтерінің кәсіби құзыреттілігін арттыруда әдістемелік көмек көрсету болды.
Семинарға "Химия", "Биология", "География"пәндерінің 57 педагогы қатысты. Ш.Уәлиханов атындағы №3, 4, 24, 46 мектептері жаратылыстану-ғылыми цикл пәндерінің мұғалімдері өз тәжірибелерімен бөлісті. Аталған іс-шара оң пікір алды.