"Менің өмірімдегі эко мектебім" атты бірыңғай ата-аналар жиналысы

"Менің өмірімдегі эко  мектебім" атты бірыңғай ата-аналар жиналысы

15 қыркүйек күні "М. Шаяхметов атындағы 23 орта мектебінде" Республикалық Отбасы күніне арналған "Менің өмірімдегі эко  мектебім" атты бірыңғай ата-аналар жиналысы өтті. Жиналыстың күн тәртібінде үйде, мектепте, көшеде, нақты және виртуалды әлемде балалардың қауіпсіздігі болды. Ата-аналармен кездесуде мектеп фельдшері А.Б.Уранабаева  және Ертіс полиция бөлімінің кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі учаскелік полиция инспекторы Н.Н. Ислямов сөз сөйледі. Ата-аналар жиналысы пікірталас түрінде өтті және кездесуден жағымды көңіл-күй лебі қалды! Барлық қазақстандық отбасыларға денсаулық пен амандық тілейміз!