Бірыңғай ата - аналар жиналысы

Бірыңғай ата - аналар жиналысы

Денсаулық сақтау мамандарымен және құқық қорғау органдарының қызметкерлерімен бірлесіп, ерте жүктіліктің, қатыгездіктің, зорлық -зомбылықтың, жыныстық қол сұғылмаушылыққа қарсы қылмыстардың алдын алу жөніндегі бірыңғай ата - аналар жиналысы

Отбасындағы зорлық - зомбылық мәселесі бүгінгі таңда ең өзекті мәселелердің бірі болып табылады. Балаға қатысты зорлық - зомбылықтың алдын алу немесе зардап шеккен адамға көмектесу үшін оны өзін - өзі жоюдан құтқару, болашағын сақтау керек. Барлық балалар үшін қолайлы өмір сүру жағдайларын, даму мен тәрбиелеуді, қатыгездік пен зорлық -зомбылықтан  азат  қорғалған  балалық  шақтың кепілдіктерін қамтамасыз ету мәселесі мемлекеттің әлеуметтік саясатының басты міндеттерінің бірі болып табылады.

Өскемен қаласы бойынша білім беру бөлімінің басшылығымен ШҚО ББ ІІБ және денсаулық сақтау мамандарымен ынтымақтастықта қала мектептерінде бірыңғай ата - аналар жиналыстарының онкүндігі өткізілді, оның барысында қоғамға, ата - аналар мен балаларға қатысты зорлық -зомбылықтың, қатыгездіктің, жыныстық қолсұғылмаушылыққа қарсы қылмыстардың алдын алу бойынша өзекті мәселелер қаралды.

ІІБ мамандары ақпараттық - құқықтық әңгіме өткізді, оның барысында ата - аналардың назарын балаларға тиісті бақылаудың жоқтығына, интернетті бақылаусыз пайдалануға және оқушылар арасында әлеуметтік желілерде сөйлесуге, баланың қоғамдық орындарда қауіпсіздік ережелерін сақтамауына аударды.

Денсаулық сақтау мамандары мектеп оқушылары арасында ерте жүктіліктің алдын алу бойынша нақты түсініктер мен ұсыныстар беріп, дәріс өткізді,

Оқушылармен ерте жүктіліктің алдын алу мақсатында денсаулық сағаты, медицина қызметкерімен қарым - қатынас сағаты шеңберінде денсаулық сақтау мамандарының кездесулері өткізілді. «Өзіңе қамқор бол», «Егер сен қауіп төніп тұрсаң...» жадынамалары таратылды.

Әрбір адамның, оның ішінде балалар мен жасөспірімдердің денсаулық пен қауіпсіздікке құқығы сақталуы тиіс.