
Өскемен қаласы бойынша білім бөлімі бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған «Бастауыш мектептегі құндылыққа бағытталған білім беру» тақырыбындағы секциялық отырыс өткізді. Секция модераторлары: К.К.Кайсанова ( «Заки Ахметов атындағы № 16 орта мектебі»), Е.Ю. Комиссарова («№2 жалпы білім беретін мектеп»).
Секция жұмысы аясында іс-тәжірибиесімен бөлісуде бастауыш сынып мұғалімдері: Н.Т. Молдахметова, «Шоқан Уәлиханов атындағы № 3 мектеп-лицейі», Ж.С. Бабаканова, «Қ.Нұрғалиев атындағы № 43 мектеп-лицейі», И.М.Кайназарова, «Заки Ахметов атындағы № 16 орта мектебі», И.В.Карыкпаева, «№ 37 көпбейінді орта мектебі», Л.Ю.Захарова, «М. Әуезов атындағы № 17 орта мектебі», Л.А.Осокина, «№ 11 мектеп-лицейі» шеберлік сыныптар өткізді.
Шараны қорытындылай келе бастауыш сынып мұғалімдері кері байланыс ретінде бастауыш сынып оқушыларды оқытуда және тәрбиелеуде кездесетін өзекті мәселелерді анықтап, шешу жолдарын ұсынды.