«Абайлаңыз, балалар!» республикалық жедел-алдын алу іс-шарасы аясында ШҚО ПД Жергілікті полиция қызметі басқармасы және «Aq jol» балалар-жасөспірімдер клубының қазғалыс жас инспекторлары «Мектепке жол» атты акция өткізді.
Қозғалыс жас инспекторлары ШҚО ПД Жергілікті полиция қызметі басқармасы бастығының орынбасары Андрей Ларионовтың тікелей қатысуымен Өскемен қаласында орналасқан А.Байтұрсынов атындағы №20 мектеп алдында жас жаяу жүргіншілердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша жұмыс атқарды.
Іс – шара барысында полиция қызметкерлері үлкен және кіші жол қозғалысының қатысушыларына жадынама мен буклеттер ұсынды, ал «Жоламан» ҚЖИ жасағы ата-аналар мен балаларға өздерінің ұндеу-шығармаларын таратты.
Жаңа оқу жылының алғашқы күнінде Қонаев қаласында өткен республикалық жарыстың жеңімпаздары ШҚО ББ Өскемен қаласы бойынша білім бөлімі А.Байтұрсынов атындағы №20 мектептің «Жаламан» ҚЖИ жасағын марапаттауға ерекше назар аударылды.
- Аумақтардағы мектептерде қозғалыс жас инспекторлар қызметің ұйымдастыруда балаларға жол қауіпсіздігі қағидаларын оқыту мен бірге өскелен ұрпаққа патриоттық тәрбие беру көзделген, - дейді ШҚО ПД Жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы Талғат Нұриев.
Мектептегі бірінші қоңырау жиынында ол ата-аналар мен оқушыларды құттықтап, жеңімпаз ҚЖИ жасағына мадақтама мен естелік-сыйлықтарды тапсырды.