Жаратылыстану-математикалық цикл мұғалімдерінің секциялық отырысы

Жаратылыстану-математикалық цикл мұғалімдерінің секциялық отырысы

«Білімнің басты құндылықтары: отаншылдық, білімге құштарлық, еңбекқорлық» Өскемен қаласының білім беру қызметкерлерінің 2022 жылғы тамыз кеңесі аясында «№48 мектеп қосымша білім орталығы» КММ базасында 2022 жылғы 24 тамызда «Жаратылыстану-математикалық білім берудегі құндылыққа бағытталған тәсіл» тақырыбында жаратылыстану-математикалық цикл мұғалімдерінің секциялық отырысы өткізілді. Шараға жаратылыстану-математикалық  цикл пәндері жауапты директорларының орынбасарлары, қала мектептерінің биология, география, информатика, математика, физика, химия пәндерінің мұғалімдері қатысты. Мектеп фойесінде №3, 7, 11, 12, 16, 27, 34, 42, 43, 46, 47, 48, Меновное ОМ мектептерінің мұғалімдерінің оқу-әдістемелік құралдар көрмесі ұйымдастырылды. . Пленарлық бөлімде қалалық әдістемелік кабинетінің меңгерушісі А.З. Нурпеисова «Қала мектептеріндегі ЖМБ және ЖҒБ пәндерін оқытудың жағдайы және жаңа оқу жылындағы міндеттер», ҚӘК әдіскері Н.Т. Капчикова «Оқушылардың жаратылыстану-математикалық бағыттағы олимпиадалар мен ҒПК қатысуы арқылы мектептегі білім сапасының тиімділігі» баяндамалары тыңдалды.  №48 ОМ директоры Ш.Т.Мажинова, №34 МЛ математика пәнінің мұғалімі А.Ю.Куликова, №1 ом физика пәнінің мұғалімі Насир Ануар, №39 мектептің география пәнінің мұғалімі И.В.Кочеткова тиімді іс-тәжірибелерімен бөлісті. Өткен оқу жылының қорытындысы бойынша қала мектептерінің үздік ұстаздары білім бөлімінің  марапаттарына ие болды. Пленарлық бөлімнен кейін биология, география, информатика, математика, физика, химия мұғалімдерінің секциялары ұйымдастырылды.