
2022 жылдың 1 қыркүйегінде Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің«№37 көпбейінді орта мектебі» КММ-нің 11 «М» сыныбында сынып жетекшісі Шелеп Наталья Анатольевна дайындаған және өткізген «Білімге ұмтылу, еңбек сүйгіштік және патриотизм» ашық сынып сағаты өтті. Іс-шара оқушылардың бойында азаматтық, патриотизм негіздерін қалыптастыру, Отан алдындағы жауапкершілікті сезіну және Қазақстан Республикасының жетістіктері туралы білімдерін бекіту, өз Отаны үшін мақтаныш сезімін және ел өміріне қатыстылығын тәрбиелеу мақсатында өткізілді.
Іс-шара барысында өскелең ұрпақтың өміріндегі патриоттық, еңбексүйгіштік, білімге деген ұмтылыс сияқты құндылықтардың маңыздылығы туралы коллаж құруға тиісті оқушылардың топтық жұмысы ұйымдастырылды. Содан кейін, мектеп түлегінесай қасиеттерді көрсете отырып, мемлекеттің талаптары мен сұраныстарына, уақыт талабына сәйкес болашақ мамандықтарды таңдауды талқылай отырып, мектеп түлегінің моделін жасадық.
2023 жылдың мамыр айында соңғы қоңырауда ашып, қандай тілектер орындалғанын және тағы қандай тілектерінің орындалатынын анықтау мақсатында, іс-шара соңында түлектер өз тілектерін жазып, әрқайсысы «Соңғы қоңырауға дейін ашпа!» белгісімен конверттеріне салды.