Менің мектебім-ең керемет мектеп!

Менің мектебім-ең керемет мектеп!

Қыркүйектің бірінші күні барлық білім беру ұйымдарындағыдай Ахмер орта мектебінде де Білім күніне арналған салтанатты жиын, сынып сағаттары өткізілді.

Салтанатты іс-шараның мақсаты: жаңа оқу жылы қарсаңында жағымды атмосфера, жағымды көңіл-күй қалыптастыру.

Міндеттері:

- өткен оқу жылының жетістіктерімен білім беру процесіне қатысушыларды ақпараттандыру;

- позитивті оқу мотивациясын және білімге ұмтылысын қалыптастыру;

- патриотизм, құрмет және азаматтық сана құндылықтарын дарыту;

- өзара құрмет пен түсіністікке негізделген мектеп мәдениетін қалыптастыру.

 Іс - шараларға  № 27943 әскери бөлімінінен  рота командирінің тәрбие және идеологиялық жұмыстары жөніндегі орынбасары аға лейтенант Бақытқазин Ернар Амангелдіұлы, сондай-ақ ішкі істер департаментінің өкілдері қатысып, оқушылармен өнегелі әңгіме өткізді.