
Өскемен қаласының мектептерінде Білім күніне және жаңа оқу жылының басталуына арналған Алғашқы қоңырау мерекесі ұйымдастырылды. Биыл қалада 5465 оқушы бірінші сыныпқа барды. Олар үшін алғашқы қоңырау соғылды. Бірінші сынып оқушыларына «Әліппе» берілді. Жаңа оқу жылында қалалық білім беру ұйымдарында 42 мыңнан астам оқушы білім алады. Алғашқы қоңырау мерекесінен кейін 2022-2023 оқу жылының басталуына арналған «Терең білім, еңбекқорлық және отаншылдық қасиет» тақырыбында бірыңғай сынып сағатын өткізілді. Баршаңызды Білім күнімен және жаңа оқу жылының басталуымен құттықтаймыз! Жаңа оқу жылы оқушылар үшін де, ұстаздар үшін де толағай табыстарға толы болсын!