Алматы облысының Қонаев қаласында «Балдәурен» Республикалық оқу-сауықтыру орталығы базасында қозғалыс жас инспекторларының «Жолдағы қауіпсіздігі үшін!» атты ауысымы ұйымдастырылды.
ШҚО Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасы Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің «Жігер» Өскемен балалар-жасөспірімдер клубтарының бірлестігі» МКҚК «Aq jol»балалар-жасөспірімдер клубының жол қозғалысы инспекторлары жол-көлік жарақатын алдын алуға бағытталған сайыстарға белсенді қатысты.
«Велосипед жүргізу», «Жолда жүру ережесі», «Саптық байқау», «Біз жол қауіпсіздігін насихаттаймыз!» үгітбригада байқауы, «Плакаттар байқауы» сайыстарында балалар жоғары нәтиже көрсетті.
Ағымдағы жылдың 7 шілдесінде қозғалыс жас инспекторлары ауысымының салтанатты жабылуы және жеңімпаздарды марапаттау рәсімі өтеді.
Балалардың «Балдәурен» РОСО-да алған білімдері мен біліктері олардың кәсіби бағдарына және жол қозғалысының заңға бағынатын қатысушыларын тәрбиелеуге оң әсер етеді деп үміттенеміз.
Біздің балаларды қозғалыс жас инспекторларының Республикалық «Жолдағы қауіпсіздігі үшін!» слетінде 1 орын алған үшін құттықтаймыз!!!