Иванов жотасына тау саяхаты

Иванов жотасына тау саяхаты

6-14 шілде аралығында ШҚО ББ Өскемен қаласы бойынша ББ «Жас техниктер станциясы» КМҚК «Спорттық туризм» үйірме бірлестігінің тәрбиеленушілерінен тұратын 9 қатысушы команда 1-ші күрделілік санатындағы тау саяхатын жасады. 8 күн ішінде спортшылар 6 шыңға көтеріліп, 4 асудан өтті, 10-нан астам тау көлдерін көрді, мұның бәрі Иванов жотасында еді.
Айта кететін жайт, барлық қатысушылар үйірмеге 4 жылдан астам уақыт бойы қатысып келеді, «Жас турист» атағына ие және 100 шақырымдық тау жорығынан өте алады.