Жедел-алдын алу шараларын жүргізу

Жедел-алдын алу шараларын жүргізу

Өскемен қаласында тұрақты негізде "Жаппай оқыту", "Жасөспірім-Көше", "Жасөспірім. Заң. Қауіпсіздік", "Демалыс", "Түнгі қаладағы балалар" іс - шаралар жүргізіледі. Осы іс-шаралар шеңберінде білім беру ұйымдары сабақтан тыс уақытта мектептердің шағын аудандарында педагогтардың, ата-аналар қоғамдастығының өкілдері мен қалалық ішкі істер басқармасы қызметкерлерінің қатысуымен бірлескен рейдтер өткізеді. Аталған рейдтердің мақсаты: кәмелетке толмағандардың ойын-сауық мекемелерінде болуын, оларға алкоголь және темекі өнімдерін сату фактілерін анықтау, сондай-ақ кәмелетке толмағандардың заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз тәуліктің кеш уақытында тұрғын үйден тыс болу фактілерін анықтау. Рейдтік іс-шаралар кезінде әр түрлі есепте тұрған оқушыларға, тұрмысы нашар отбасыларға барады; кәмелетке толмағандар мен олардың заңды өкілдері арасында ұсақ құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайлардың алдын алу және жою бойынша түсіндіру, алдын алу жұмыстарын жүргізеді.