Станциядағы жаз

Станциядағы жаз

Жазғы уақыт кезеңінде Жас техниктер станциясының басты міндеті балалардың бос уақытын қызықты мазмұнмен толтыру, балаларды жазғы демалыстар, ойындар, жорықтар, экскурсиялар мен шығармашылық шеберханалар туралы естеліктермен ұзақ уақыт қуанту.
«Балалық шақ ғаламшары» бағдарламасы бойынша Жас техниктер станциясында жұмыс басталды:
·         «Өнерлі өрге жүзер» шығармашылық шеберханалары, онда педагогтар қағаз пластикасы, әуемодельдеу, 3D модельдеу, робототехника, STEM модельдеу бойынша шеберлік сыныптарын өткізеді.
·         Қысқа метражды сүйікті мультфильмдерді көру.
·         «Біз жорыққа бардық» спорттық-туристік квест-ойыны.
·         Белсенді бір күндік, көп күндік туристік және геологиялық жорықтар мен
экспедициялар.