Экологиялық-биологиялық практикум: «Энтомологиялық зерттеулердің негіздері»

Экологиялық-биологиялық практикум: «Энтомологиялық зерттеулердің негіздері»

2022 жылдың жазы - саяхат пен экскурсия уақыты жақындап қалды, жас және білімқұмар табиғат зерттеушілері бақылаулар мен ашылымдар жасау үшін шексіз мүмкіндіктерге жол ашылады. ШҚО табиғаты өсімдіктер мен жануарлардың алуан түрлілігімен ерекшеленеді, бірақ табиғи экожүйелер мен агроценоздарда орасан зор рөл атқаратын әртүрлі экологиялық топтардағы жәндіктер класының жануарлар әлемінің өкілдері шынымен де өте көп. Энтомология – жәндіктерді зерттейтін ғылым. Осыған орай, 2022 жылғы 17 мамырда сағат 15.00-де Чехов к., 63 мекежайында орналасқан Оқушылар шығармашылық сарайында, ШҚО ББ Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің «Оқу-зерттеу экобиоорталығы» жас таби,ат зерттеушілерінің ғылыми-экологиялық жобалық зертханасында (№301 кабинет) «Энтомологиялық зерттеулердің негіздері» тақырыбында (мемлекеттік және орыс тілдерінде) экологиялық-биологиялық практикум өткізілді. Практикумды өткізгендер: энтомолог ғалым, биология магистрі, С.Аманжолов ат. ШҚУ сениор-лекторы Кәрменова Бағдат Қазыретқызы; «ОЗ экобиоорталығы» директорының ТЭЖ жөніндегі орынбасары, педагог-зерттеуші Лукьянец Юрий Григорьевич.

Мақсаты: оқушыларда қоршаған әлем және энтомологиялық зерттеулер жүргізу әдістері туралы тұтас экожүйелік түсінікті қалыптастыру.

Іс-шара жаратылыстану және экология саласында ғылыми жобалаумен айналысатын қала мектептерінің оқушылары мен олардың ғылыми жетекшілеріне арналды.

Шығыс Қазақстан облысындағы жәндіктердің авторлық фотосуреттері көрсетілген слайдтарды көрсетумен сүйемелденген қызықты әңгіме барысында оқушылар энтомологиялық зерттеу әдістемесінің негіздерімен танысты. Ізденімпаз қатысушылар өздерін толғандырған сауалдарына тұшымды жауаптар алды.

Ғылыми жобалау мектебінің отырысына Өскемен қаласының 3 мектебінен 14 жас натуралист пен 3 мұғалім қатысты.