
Қазақстанда Бірінші мамыр мерекесі жыл сайын Қазақстан халықтарының бірлігі күні атауымен тойланады және мемлекеттік мереке болып табылады. Мерекенің мақсаты – тұрақтылық пен ұлтаралық келісімді нығайту, мәдениетаралық диалогтың қазақстандық үлгісінің жетістіктерін көрсету. «Жігер» балалар-жасөспірімдер клубтарының бірлестігі осы тамаша мерекеге арналған «Жанмен сырланған пейзаж» бейнелеу өнерінің көркем көрмесін бастады. Көрмеде «Baby Art» балалар бейнелеу өнері студиясы оқушыларының жұмыстары қойылған.
Көрмеге келгендердің барлығы шат-шадыман көңіл-күй мен күлкіге кенелді!