"Мен Отанды қорғаймын" атты шығармашылық жұмыстар көрмесі

"Мен Отанды қорғаймын" атты шығармашылық жұмыстар көрмесі

5 мамыр күні  "Жұлдыз" балалар өнер мектебінде Отан қорғаушылар күніне арналған "Мен Отанды қорғаймын" атты шығармашылық жұмыстар көрмесі ұйымдастырылды. Көрмеге бейнелеу және сәндік-қолданбалы өнер сынып оқушыларының ең үздік жұмыстары қатысты. Мерекелік көрмеде жас суретшілердің кескіндеме және графика техникасындағы суреттері ұсынылды. Қолөнер жұмыстары ермексазбен фоамираннан жасалған.

Көрмені көруге бастауыш және орта сынып оқушылары келді. Қазақстан Республикасының Отан қорғаушыларын құттықтаймыз!