2022 жылдың 3 мамыр күні Оқушылар шығармашылық сарайында «Рухани жаңғыру» жобасы және Балалар жылын мерекелеу аясында Өскемен қаласы РБ «Жас Ұлан» БЖҰ қалалық комитетінің ұйымдастыруымен «ЭКОМАРШ — 2022» қалалық акциясының қорытынды кезеңі «Менің ғаламшарым!» фестивалі өтті. Бірінші кезеңде РҚБ «Жас Ұлан» ББЖҰ мектеп комитеті экологиялық акция айдарында «Жайнат» аумақты жайластыру бойынша «экологиялық апат» жағдайындағы жобаны жүзеге асырды. Екінші кезеңде - "Өскемен қаласындағы қазіргі экологиялық проблемалар" тақырыбына бейне-ролик түсірді. Аталған кезеңдер бойынша қазылар алқасы барлық жұмыстарға әділ бағасын берді және барлық қатысушылар мадақтама қағаздарымен марапатталды. Жалпы саны 70 адамды құрады.