«Балғын ақындар» айтысы

«Балғын ақындар» айтысы
 
29 сәуір күні Оқушылар шығармашылық сарайында "Мұрагер" тәрбие-білім беру жобасын жүзеге асыру аясында "Балғын ақындар" айтысынан қалалық жарыс өтті. Іс - шара Өскемен қаласының оқушылары арасында өткізілді. Тартысты күресте жеңімпаздар мен жүлдегерлер анықталды. Арнайы кәсіби қазылар алқасы жеңімпазды үлкен қиындықпен анықтады, сондықтан барлық қатысушылар өте талантты айтыскерлер деп айтуға болады. Болашақта бұл жарысты оқу жылы бойы өткізу жоспарланып отыр.