1 мамырда еліміз ең мейірімді де жарқын мерекелердің бірі – Қазақстан халқының бірлігі күнін тойлайды. Бұл достықтың, түсіністік пен келісімнің мерекесі.
1 мамыр күні «Жұлдыз» балалар өнер мектебі" «Өскемен» аллеясында және "Жастар" саясатында бірқатар іс-шаралар өткізді: «Бейбітшілік ел тілегі» мен "Сила в единстве" атты концерттік бағдарламалар өтті. «Ал қане, ойнайық», "Вместе весело играть" ойын-сауық бағдарламалары және "Бояулар әлемі", "Мир красок" атты асфальтқа сурет салу байқаулары ұйымдастырылды.
Қазақстан халықтарының бірлігі күні мерекесін Оқушылар шығармашылық сарайы 1 мамыр күні Жамбыл атындағы саябақта үлкен мерекелік бағдарламамен атап өтті. Барлық қонақтарға көңілді ұлттық ойындар, спорттық эстафеталар, концерттік алаң, көше биі алаңы және барлығына татулық пен бірлік тақырыбында тротуарға сурет сала алатын алаң ұсынылды. Мереке барысында көңілді аниматорлар, мультфильм кейіпкерлері мен ертегілер балалармен және олардың ата-аналарымен биледі. Мереке көпұлтты Қазақстан халқының қуанышына, достығы мен бірлік сезіміне толы болды.