28 сәуір 2022 жылы ШҚО білім басқармасы Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің «Мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған «Алтын дән балабақшасы» КММ балабақшаның 10 жылдық мерейтойына арналған «Мектепке дейінгі мекемедегі ерекше білімді қажет ететін балалармен тиімді заманауи технологияларды қолдану жолдары» тақырыбындағы қалалық семинар өтті.
Семинардың мақсаты: Мектепке дейінгі ерекше білімді қажет ететін балаларға заманауи технологияларды пайдалана отырып білім деңгейлерін дамыту. Семинарымыздың қадірлі қонақтары болып облыстық және қалалық білім басқармасының басшылары мен қаламыздың мектепке дейінгі мекемелерінің директорлары келіп қатысты.
Өткізілу бағдарламасына сәйкес, семинардың бірінші бөлімінде кіріктірілген ашық ұйымдастырылған оқу қызметін «Дала құстары» тақырыбында музыка жетекшісі Самарканова.Л.М. мен тәрбиеші Байтемирова А.Б. «Қошақан» ересек тобында өткізді.
Семинардың екінші іс-тәжірибелік бөлімінде шеберлік сыныптар көрсетілді.
1. «Логопедиялық массаждың түрлері мен тәсілдері» тақырыбындағы шебер сыныпты мұғалім-логопед Кешубаева М.А. және
мұғалім-логопед Нағашыбаева А.А. көрсетті.
2. «Тейіптеу –XXI-ғасыр инновациясы» тақырыбындағы шебер сыныпты
мұғалім-логопед Кыстаубаева Н.Ж. мен мұғалім-логопед Орынбасарова Ш.О. көрсетті.
Семинардың үшінші шығармашылық бөлімінде «Сұлулық-әлемді құтқарады» тақырыбында мерейтойға келген қонақтармен тренингті балабақшамыздың психолог маманымыз Жұмағазы Ә.Ғ. мен дефектолог маманымыз Курманбаева Г.С. жүргізілді. Бұл тренинг келген қонақтарды сергіту мақсатында жүргізілді.
Семинардың соңында балабақшаның
«Алтын дәнге 10 жыл» тақырыбында мерекелік концерттік бағдарлама қойылды. Балабақшамыздың тәрбиеленушілері мен педагогтары өз өнерлерін жан-жақты көрсетті. Балабақшамыздың ата-аналары да мерекеге өз шашуы ретінде өнерін көрсетті. Атап айтсақ, «Қошақан» ересек топтың тәрбиеленушісі Жұмабек Алиханның анасы Жұмабекова Ботагөз Нурланқызы өз өнерін тарту етті. Мерекелік концерттік бағдарлама қонақтарымыздың көңілінен шығып жоғары деңгейде өтті. Семинарымыздың қорытынды бөлімінде ашық микрофон ұйымдастырылып, келген қонақтарымыз балабақшамызды мерейтойымен құттықтап, өз тілектері мен ұсыныстарын айтты. Мерекелік кешіміздің соңында Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасынан келген А.Жұмабаевнаның қолынан педагогтарымыз облыс деңгейіндегі алғыс хатымен балабақшамыздың директордың оқу ісі орынбасары Бекжанова.Ж.Д, мұғалім-логопед Кешубаева.М.А, музыка жетекшісі Самарканова.Л.М марапатталды.
Семинарымыздың екінші күні сәуірдің 29 -да, балабақшамыз қаламыздың мектепке дейінгі білім беру мекемелерінің педагогтарына арналған «Мектепке дейінгі мекемедегі ерекше білімді қажет ететін балалармен тиімді заманауи технологияларды қолдану жолдары» тақырыбындағы онлайн семинар өткізді. Балабақшамыздың тәрбиешілері, мұғалім-логопед және жеке пән мұғалімдері ашық ұйымдастырылған оқу қызметтерін көрсетті. Екінші бөлімінде мұғалім-логопед мамандар шеберлік сыныптарын көрсетті.